1 view

Қазақстанда тағы 100 адам оқшауланды

Олар 14 күнге карантинге жіберіледі

Фото: Shutterstock

 "Наурыздың 5-сі күні  Сеулден Алматыға арнайы рейс ұшып келген еді. Оның ішінде  197 жолаушы болған. Олардың 97-і транзитпен өтетін басқа елдердің азаматтары (Қырғызстан - 23, Өзбекстан - 37, Ресей - 16, Украина - 18, Оңтүстік Корея - 2, Тәжікстан - 1)",- деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 Ал, Қырғызстан  арнайы автобус жіберіп,  полиция қызметкерлерімен бірге 21 өз азаматтарын елдеріне алып кетті. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 4 наурыздағы өкіміне сәйкес коронавирус инфекциясы (COVID-19)  тарап жатқан  1а санатындағы (Қытай, Оңтүстік Корея, Иран) елдерден келгендер 14 күнге карантинге жабылады. 

Ал, Қазақстандық  100 адам медициналық мекемеге жеткізілді. олардың ішінде  4 -уі бала. Барлық оқшауланған адамдар толық медициналық бақылаудан өтеді.

Еске сала кетейік, карантин кезінде оқшауланған жерден кетуге тыйым салынады. Карантинде тұрған адам режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер