Қазақстанда медициналық маскаларға тұрақты баға қойылады

Жарияланды
Коронавирусты анықтайтын тағы да 60 мың  тест сынақ сатып алынды

Медициналық маскалардың максималды бағасы жақын күндері Қазақстанда белгіленеді. Бұл туралы «Еуразия» Бірінші арнасының эфирінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

 «Біз баға лимитін белгілеу туралы шешім қабылдадық. Мемлекеттік комиссия интернеттегі алып-сатарлар үшін жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылдады», – деді министр.

Сонымен бірге, ол үкіметтің медициналық маскаларды төмен бағамен сатуға мәжбүр ете алмайтындығын атап өтті.

 «Сондықтан біз бірыңғай және әділетті бағаны белгілейміз. Бірақ кез-келген алып- сатарлық қатаң түрде жазаланады. Ауыр айыппұлдан қылмыстық жауапкершілікке дейін. Қазір біз мұны мемлекеттік заңгерлермен бірге қарастырып жатырмыз »,-деді Біртанов.

Министірдің айтуынша, қосымша зертханалар ашылады. Денсаулық сақтау министрі инфекцияның таралуы өз шыңына жетіп, төмендей бастайтынын айтты.

«Қажетті карантиндік шаралар өз нәтижесін береді»,-деп түйіндеді Біртанов.
 

Сондай-ақ оқыңыз