1 view

Қазақстанда медициналық маскаларға тұрақты баға қойылады

Коронавирусты анықтайтын тағы да 60 мың  тест сынақ сатып алынды

Фото: kursiv.kz

Медициналық маскалардың максималды бағасы жақын күндері Қазақстанда белгіленеді. Бұл туралы «Еуразия» Бірінші арнасының эфирінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

 «Біз баға лимитін белгілеу туралы шешім қабылдадық. Мемлекеттік комиссия интернеттегі алып-сатарлар үшін жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылдады», - деді министр.

Сонымен бірге, ол үкіметтің медициналық маскаларды төмен бағамен сатуға мәжбүр ете алмайтындығын атап өтті.

 «Сондықтан біз бірыңғай және әділетті бағаны белгілейміз. Бірақ кез-келген алып- сатарлық қатаң түрде жазаланады. Ауыр айыппұлдан қылмыстық жауапкершілікке дейін. Қазір біз мұны мемлекеттік заңгерлермен бірге қарастырып жатырмыз »,-деді Біртанов.

Министірдің айтуынша, қосымша зертханалар ашылады. Денсаулық сақтау министрі инфекцияның таралуы өз шыңына жетіп, төмендей бастайтынын айтты.

«Қажетті карантиндік шаралар өз нәтижесін береді»,-деп түйіндеді Біртанов.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер