Қазақстанда 400 адам карантинге жатқызылды

Жарияланды
Олар 14 күн стационарда болады

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің мәліметінше, Covid-19 індеті  таралған елдерден келген 400 адам карантинге жатқызылды.

 «1«А» категориясы бойынша -391 адам, 1«В» категориясы бойынша 601 адам карантинге оқшауланды», – деп ақпарат таратты Денсаулық сақтау министрлігі. 

Қазақстан 1«А» категориясына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея мемлекеттерін кіргізген. Осы елдерден келген ресми делегация, ұшқыштар мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржолшылар және халықаралық жүк тасымалдайтын жүргізушілерден өзгелері екі аптаға карантинге оқшауланды. 

  Гонконг, Макао, Тайвань, Жапония және Италия елдерінен келген жолаушылар 1«В» категориясына жатады.

Сондай-ақ оқыңыз