1 view

Қазақстанда 2 адамнан коронавирус анықталды

Екеуі де алматылық тұрғын

фото: kursiv.kz

Бүгін Қазақстанның екі  азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

" Бүгін біз тексеру барысында екі азаматтан  коронавирус шыққанын анықтадық. Олар Германиядан ұшып келген ",-деді Біртанов.

Қазір екеуі де Алматыда.

"Қазіргі таңда бұл екі науқас та инфекциялық стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр "- деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, бір ер және бір әйел адам 9-ы және 12 наурызда ұшып келген. Сол 9 наурызда ұшып келгендердің барлығы карантинге жіберілген. Сол күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу жағын қарастырып жатырмыз деді Біртанов.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер