Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған пациент туралы мән-жайды айтты

Ол кісінің бірнеше созылмалы ауруы болған

Фото:shutterstock.com

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, пациент коронавирус салдарынан өршіген пневмониядан қайтыс болған.

«Бүгін интенсивті терапияның қолданылуына қарамастан ауруханада Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, әйел адам қайтыс болды. Себеп – екі жақты пневмония, тыныс алуының қиындауы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпенің қабынуына коронавирус себеп болған», – делінген ресми хабарламада. 

 Мекеменің мәліметі бойынша, науқас Ақмола облысында тұрған, Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатқызылған.

«Бұл жағдай географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында  орын алғандықтан, тіркеу де осы жерде жүргізілді. Осыған қарай біз де медициналық статистиканы сәйкестендіріп, оны Ақмола облысына жатқызып отырмыз»,-ден нақтыланған хабарламада.

Қазіргі кезде вирус жұқтырған ауқастардың жалпы саны 120-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 47 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам. Соның ішінде екі адам сауығып, ауруханадан шықты. 

Айта кетейік, кеше мемлекеттік комиссия 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап  Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешім шығарған.

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 15 сәуірге дейін жалғасады және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif