Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2 мыңнан асты
Эпидемияға қатысты жаңа деректер жарияланды
Синьхуа агенттігі 18 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 2004 адам қайтыс болғанын жазады.
Қытайдың 31 провинциясы мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында жаңа типтегі коронавирусты 74 185 кісі жұқтырғаны расталған.
ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің күнделікті есебінде ауруханада жатқан 1 824 адамның емделіп шыққаны жазылған.
Бүған дейін Қазақстанның Қытайда жүрген азаматтары 3 рейспен елге әкелінген болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, елімізде коронавирус тіркелген жоқ.
«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook
Материалы по теме
Читайте в этой рубрике