Денсаулық сақтау министрлігі 2 млрд теңгені қайда жұмсады?

Жарияланды
Бұл қаржы мемлекеттік бюджеттен коронавируспен күреске деп бөлінген

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысы кулуарында коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып берді. 

«Шамамен 1 млрд теңге  санитарлық қызмет аясында медициналық қамтамасыз ету мен қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалды. Оның ішінде қорғаныс материалдарын, жеке қорғаныс құралдарын, зертхана және диагностика жабдықтарын, тепловизор сатып алу және азаматтарды эвакуациялау бар», – деді Біртанов. 

Сонымен қатар министрдің айтуынша, қаржының бір бөлігі аймақтарға, жергілікті ауруханадар мен емханаларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге кеткен. 

Дегенмен министр қай бағытқа қанша қаржы жұмсалғанын нақты айтпады. Біртанов бұл қызметтік қолдануға арналған ақпарат деп тұжырымдайды. 

«Салық төлеушілердің өз салығының қайда жұмсалғанын білуге құқығы бар. Осы орайда бұл денсаулық сақтау министрлігінің емес, үкіметтің қаулысы екенін айта кеткім келеді. Расында бәрін айтып берер едім, бірақ менің оған құқығым жоқ», – деді Біртанов. 

Сондай-ақ оқыңыз