Үкімет есірткі мен психотроптық заттарға квотаны бекітеді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұл кәсіпорындардың 2020 жылғы оларға деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Тиісті бастамалар жария талқылауға арналған құқықтық-нормативтік актіледің ашық порталында жарияланған ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың 2020 жылғы мемлекеттік квотасын бекіту туралы» Қаулысының жобасында көрсетілген.

«Аталмыш жоба 2020 жылы Қазақстан Республикасы өндіруші-кәсіпорындары мен заңды тұлғаларын есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен   және прекурсорлармен толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың премьер-министр Асқара Маминнің атына жазылған түсініктеме жазбада.

Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу және оқу мақсатына 0,25 грамм кокаин, 0,94 грамм героин, медицина мақсаттарына – 30 660 грамм метадон, 28 127,7 грамм морфин қажет болады. Кәсіпорындар мен заңды тұлғалараға барлығы 30 атаудағы есірткі құралдары керек екен.

Жоба 1998 жылғы 10-шілдедегі ҚР «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңына сәйкес дайындалған.

Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің және  (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығынын қысқартуды немесе ұлғайтуды қарастырмайды.

Түсініктеме жазбада қолданылып отырған шаралардың есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау түрлерінің бірі екені атап өтілген, бұл бекітілген  нормативтер шеңберінде заңды мақсаттарға пайдаланылатын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды бөлуде мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚазақстанРеспубликасының есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормасын жыл сайын үкімет бекітеді. Нормативтік актілер негізінде республикадағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекеттік квотасының үлестік бөлінуі жүзеге асырылады.

Құжатты жария талқылау 31-желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз