Skip to main content

Үкімет есірткі мен психотроптық заттарға квотаны бекітеді

Бұл кәсіпорындардың 2020 жылғы оларға деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Фото: Shutterstock

Тиісті бастамалар жария талқылауға арналған құқықтық-нормативтік актіледің ашық порталында жарияланған ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың 2020 жылғы мемлекеттік квотасын бекіту туралы» Қаулысының жобасында көрсетілген.

«Аталмыш жоба 2020 жылы Қазақстан Республикасы өндіруші-кәсіпорындары мен заңды тұлғаларын есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен   және прекурсорлармен толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың премьер-министр Асқара Маминнің атына жазылған түсініктеме жазбада.

Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу және оқу мақсатына 0,25 грамм кокаин, 0,94 грамм героин, медицина мақсаттарына – 30 660 грамм метадон, 28 127,7 грамм морфин қажет болады. Кәсіпорындар мен заңды тұлғалараға барлығы 30 атаудағы есірткі құралдары керек екен.

Жоба 1998 жылғы 10-шілдедегі ҚР «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңына сәйкес дайындалған.

Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің және  (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығынын қысқартуды немесе ұлғайтуды қарастырмайды.

Түсініктеме жазбада қолданылып отырған шаралардың есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау түрлерінің бірі екені атап өтілген, бұл бекітілген  нормативтер шеңберінде заңды мақсаттарға пайдаланылатын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды бөлуде мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚазақстанРеспубликасының есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормасын жыл сайын үкімет бекітеді. Нормативтік актілер негізінде республикадағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекеттік квотасының үлестік бөлінуі жүзеге асырылады.

Құжатты жария талқылау 31-желтоқсанға дейін жалғасады.

banner_wsj.gif

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

Фото:shutterstock.com

Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова мәлімдеді. 

51 жастағы пациент 21 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып жүргенімен, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмыс барысында іссапарға жиі шығып тұрған.   

"Аурумен тікелей байланста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам үй карантинінде. Отбасындағы екі адамнан коронавирус анықталды",- деді басқама басшысы. 

Бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Жалпы саны 325 болды. 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif