Медициналық сақтандыру қорындағы қаржы 224 млрд теңгеге жетті

Жарияланды
Бір айда 10 млрд теңге қаржы түскен

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 қазан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 224 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз-қызметі

Оның 215 млрд теңгесі (96%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Міндетті медициналық сақтандыру үшін 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында 10 млрд теңге түскен.

Аймақтар бойынша алып қарасақ, жарна төлеу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

Сондай-ақ оқыңыз