Қазақстанда дәрі-дәрмек 8,2 пайызға қымбаттаған

Өндіріс көлемі де артыпты

Фото: Shutterstock

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 млрд теңгені, өзге препараттардікі 4,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды EnergyProm.

Елімізде дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артуына қарамастан, баға шарықтап барады. 

2019 жылғы қыркүйектегі бағаны 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ, оның 8,2 пайызға көтерілгені байқалады. 

Соның ішінде, дәрумендердің бағасы қатты көтерілсе (бір жылда 11,4 пайыз), анальгетиктер 10,6 пайызға, корвалол мен антибиотиктердің бағасы 9,3%-ға өскен.

Фармацевтика өнімдері өндірісінің жалпы көлемі биыл 2018 жылғы 55,5 млрд теңгеден – 65,3 млрд теңгеге өскен. 

Республикадағы дәрі-дәрмек өндірісі еліміздің 3 өңірінде: Шымкент (23,1 млрд теңге), Алматы облысы (21,1 млрд теңге) және Алматы (14,2 млрд теңге) қаласында шоғырланған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif