2020 жылы бүкіл ауылдық ауруханалар интернетке қосылады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Digital Bridge форумында белгілі болды

Фото: Shutterstock

Қазақстанның бас қаласында  ұйымдастырылған Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында ҚР ДСМ Медициналық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов ауылдық ауруханаларды интернетке қосу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеді.

Форум аясында медицина саласының жетекші сарапшылары баяндама жасап, денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланған Digital Health Astana 2.0 көрмесі өтті. Ол жерде медицинада қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіндегі жоғары технологиялық өнімдер мен түрлі шешім ұсынылып, саланы цифрландыру бойынша панельдік сессия өтті.

Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін цифрландыру шеңберінде мобильді қосымшалардың көмегімен аруханаға бару екі есе азайып, дәрігерге электронды түрде жазылудың арқасында кезек қысқарған.

«Ауылдағы ауруханаларды интернетпен қамтамасыз ету жұмысын жыл соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз», – деп уәде етті Бауыржан Жүсіпов.

Сондай-ақ спикер Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолға алынған шаралар алғашқы көмек аясында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, медициналық қызмет сапасын арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап айтты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif