Шотландияда пойыз апатқа ұшырады

Жарияланды
 Апат салдарынан үш адам қайтыс болды

Шотландияның Абердиншир қаласында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы салдарынан  үш адам қайтыс болып, көпшілігі жарақат алды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Апат  қатты найзағай салдарынан болған.

 Оқиға жолаушылар пойызы Абердинден Глазгоға бара жатқанда болған.

Оқиға орнына 30-ға жуық жедел жәрдем мен тікұшағы келді.

  «Өкініш білдіре отырып, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, үш адам оқиға орнында қайтыс болды»- деп, мәлімдеді Британдық көлік полиция қызметкері. 

Зардап шеккендердің бірі пойыз жүргізушісі болған. Алты адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
 

Сондай-ақ оқыңыз