Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты

Жарияланды
Індеттен 687 мың адам көз жұмды

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 18 миллионға жетті. Бұл аурудан 10,6 миллион адам емделді, сонымен қатар 687 мың адам қайтыс болды.

Көшбасшылар әлі де Америка Құрама Штаттары. Онда 4,75 миллион адам ауырып, оның 2,31 миллионы емделіп, 157 мыңы қайтыс болды.

Инфекция жұқтыруы бойынша екінші орында 2,73 миллион пациенті бар Бразилия. Оның ішінде 1,88 миллион адам емделді, 94 мыңнан астам адам аурудан қайтыс болды.

Үндістанда 1,75 миллион адам ауруды жұқтырды, 37 мыңнан астам адам аурудан қайтыс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз