Коронавируспен ресми қоштасқан  Жаңа Зеландияда індет тағы басталды

Жарияланды
Бұл елде 102 күн бойы жұқтыру белгілері тіркелмеген еді

Коронавирустан арылған Жаңа Зеландияда бір күннің ішінде коронавирустың 14 тасымалдаушысы анықталған. Науқастар  елдің ең үлкен қаласы Оклендте тіркелді. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Он төрт адамның  бірі шетелден келген. Ол карантинге жатқызылған. Ал қалған 13 адам  вирус диагнозы қойылған төрт адамның отбасыларымен байланыста болған.

Осы уақытқа дейін Жаңа Зеландияда 102 күннің ішінде вирустың ішкі таралуы болған жоқ. Ауру жұқтырған отбасылар шетелге шықпаған және шетелдіктермен байланыста болмаған.

Қазір дәрігерлер шұғыл түрде бұл адамдар вирусты қайдан жұқтырғаның тексеріп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз