1 view

Армения мен Молдовада төтенше жағдай ұзартылды

Екі елдің премьер-министрлері мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay

13 шілдеде Армения үкіметі коронавирустың таралуына байлынасты елдегі төтенше жағдайды 12 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.


  «Біз төтенше жағдай режимін 12 тамызға дейін, яғни 30 күнге ұзартамыз. Жағдай өте қиын болып тұр», - деді республиканың премьер-министрі Никол Пашинян «Известия» газетіне берген сұхбаттында.


Маусым айында Армения парламенті елдегі төтенше жағдай режимін бір айға - 13 шілдеге дейін ұзартты. Бұған дейін наурызда енгізілген режим үш рет ұзартылған болатын. Коронавирус індетін 32151 адам жұқтырған, оның 573 -і қайтыс болды, ал 19 865 адам сауығып шықты.

Сонымен қатар Молдовада төтенше жағдай режимін 31 шілдеге дейін ұзартуға шешім қабылдады, деп жазады RT. Премьер-министр Ион Кикудың айтуынша, соңғы үш аптаның ішінде елде COVID-19 анықталған жағдайдың тұрақты түрде төмендегенін айтты.

Молдовада COVID-19 індетін жұқтырғанғандар саны 18 924 жеткен.  


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер