Коронавирус вакцинасын әзірлеуге арналған акциядан 7 млрд 400 млн еуро жиналған

Алғашқы күні

Фото: Shutterstock

Коронавирус екпесін әзірлеуге арналған акцияның алғашқы күні миллиардтаған еуро жиналды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

«Коронавирусқа жаһандық жауап беру» акциясы аясында ақша жинау туралы жақында Бельгия астанасы Брюссельде жарияланды. Онлайн конференцияның бірінші күні 7 млрд 400 млн еуро жиналды. Аталған акция екі аптаға созылады.

 

ДДСҰ мен Еурокомиссияның қолдауымен, акцияның ұйымдастырушылары - Еуропалық Одақ елдері және қауымдастыққа кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия және Сауд Арабиясы елдері. Сондай-ақ акцияға Жапония, Канада, ОАР және басқа елдердің көшбасшылары қосылды.

 

ЕО елдері бір миллиард еуро бөлу туралы мәлімдеді. Тағы осыншама бір миллиард АҚШ долларын Норвегия береміз деп уәде етті. 

 

«Біз бір адам қорғалған, басқалары қорғалмаған әлемде өмір сүре алмаймыз. Бұл ортақ жауды жеңу ғана емес, сонымен қатар ортақ қауіпсіз болашақты құру мүмкіндігі. Ақша жинау процесі 23 мамырға дейін жалғасады», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

 

Іс-шараның серіктестері ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Билл және Мелинда Гейтс қоры, Вакциналар мен иммундау бойынша жаһандық альянс және басқа да халықаралық құрылымдар қатысады. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif