Беларусьте COVID-19-дан өлім-жітім бұрынғыдан көп тіркелген

Жарияланды
Қауіпті вирусты 24 873 адам жұқтырған

Беларусьте COVID-19-дан өлім-жітім бұрынғыдан көп тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Беларусьте өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 7 адам көз жұмды.

Жалпы бұл елде қауіпті вирусты 24 873 адам жұқтырған, бұл бұдан бір күн бұрынғы көрсеткіштен 967 адамға көп.

Індет таралып бастағалы Беларусьте 142 адам коронавирустың салдарынан қайтыс болды, сауығып, емделіп шыққандар саны – 6 974.
 

Сондай-ақ оқыңыз