Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны артып отыр

Жарияланды
Өткен тәулікте 1300-ден астам адам тіркелген

Үндістанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1300-ден астам адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

 

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінің мәліметтері бойынша, індет басталғалы вирусты жұқтырғандар саны 18 601 адамға жеткен. Олардың ішінде емделіп жатқаны – 14 759 адам, сауығып шыққаны – 3 251 адам, 590-ы – қайтыс болған және коронавирусты жұқтырған бір адам елден кеткен.

 

Үндістан билігі елдегі оқшаулау режимін 3 мамырға дейін ұзартты.

 

Оқу және ойын-сауық орындарының, қоғамдық көліктің, такси, метро және темір жол қызметтерінің жұмысы шектелген, ел штаттары арасындағы шекара жабық.

 

Сондай-ақ оқыңыз