1 view

Ұлыбритания карантин режимін үш аптаға ұзартты

Бұл коронавирус індетін қарқынды өсуін тоқтатады

Фото: Shutterstock.com

Ұлыбритания коронавирусқа қатысты енгізілген карантин шараларын үш аптаға ұзартты. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.

Сыртқы істер министр Доминик Раабтың пікірінше, әлсіз шаралар халықтың денсаулығына да, экономикаға да зиян тигізуі мүмкін екен.

Британияда 26 наурызда жарияланған карантин режимі мамыр айының басына дейін ұзартылады. Дегенмен, ел Үкіметі шектеу шараларын тоқтату туралы түпкілікті шешімді бұл вирустың таралу қарқынының өсуіне алып келмейтініне көз жеткізгенде ғана қабылдайды.


Жақында британ ауруханаларында пандемияның салдарынан 861 адам көз жұмды.

Өлім-жітімнің жалпы саны 13 729-ға жетті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер