Skip to main content

Ресейде індетті жұқтырғандар саны 42 853-ке жетті

Бір тәулікте 6000-нан астам адамда  коронавирус анықталды

Фото: Shutterstock

Ресейде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 42 853 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости COVID-19 таралуына қарсы жедел штаб.

Соңғы 24 сағат ішінде 78 аймақта 6060 жаңа пациент анықталды: оның 3570 - Мәскеуде, 709 - Мәскеу облысында, 129 - Нижний Новгород облысында, 114 - Санкт-Петербургте. 48 адам қаза тапты.

Мәскеуде 24 324 жағдай тіркелді: жаңа науқастардың 44% -ы 18-ден 45 жасқа дейінгі адамдар. 35% -ы - 46-дан 65 жасқа дейінгі адамдар. 16% -ы 65 жастан асқан (олардың 5,5% -ы 80 жастан асқан).  5% балалар.

Ресейде  361 адам коронавирустан қайтыс болды. Жазылғандар саны-3291.
 

banner_wsj.gif

Қытай коронавирусты қалай ауыздықтады? Эксперт көпшілік мән бермеген құпияны айтты

Бұл президенттің саяси миссиясымен тұспа-тұс келген

Фото: жеке парақшасынан

Қытайдағы коронавирус дерті соңғы күндерде біршама бәсеңсіді. Соңғы 4 тәулікте елде вирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Дегенмен ел үкіметі вирустың екінші толқынының бетін қайтару үшін жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде үкімет шет елден келетіндерді Бейжіңге кіргізбеуге шешім қабылдаған. Астанаға бағытталған әуе рейстері басқа әуежайларға жіберілуде. 

Жағдай ел экономикасына да кері әсерін тигізді. Қытайдың экспорт және импорт нарығындағы белсенділігі қазір әлдеқайда төмендеп кеткен. Бұл оның өзіне ғана емес, өзге елдерге де қиындық тудырды. Әлбетте, тап қазір қай елдің болмасын экономикасындағы олқылық әлі толыққанды сезіле қойған жоқ. Бірақ вирустың күн санап күш алуы, көп ұзамай әлем елдері экономикасының ауыр дағдарысқа ұшырайтынын  аңғартатындай. 

Карнеги бағдарламасының Азия өкілдігінің аға ғылыми қызметкері Юкон Хуан қазіргі жағдайға байланысты өз пікірін білдірген. Carnegieendowment.org сайтында жарияланған материалына ол «Қытайдың экономикалық өсімі енді батысқа тәуелді» деп тақырып қойған. «Қытайлық өндірушілер өндіріс қуаттылығын жақын арада қалпына келтіргісі келеді, алайда экспорт нарығындағы сұраныстың әлсіреп кетуі экономиканы қалпына келтіру процесін әлі де тежей түседі» дейді ол. Хуанның айтуынша, Қытай билігі 2020 жылды әдеттегідей экономикалық өсімге бастайтын, соңғы он жылдықтағы экономикалық өсімді екі еселейтін сәт деп бағалаған. Алайда коронавирус бұл болжамның күл-талқанын шығарды. 

«Бейжіңнің әбжіл әрекеті арқасында эпидемия болжамды уақыттан әлдеқайда бұрынырақ бақылауға алынды. Иә, вирус өте жылдам тарады, бірақ ел билігінің қатаң бақылауы арқасында ақпан айының ортасында-ақ оның таралу ауқымы тарылды. 10 наурыз күні президент Си Цзиньпиннің өзі Хубэй провинциясының астанасы Уханға келді. Ал 19 наурызда елдегі жаңа коронавирус тіркелу көрсеткіші нөлге дейін құлады. Вирусқа шалдығып жатқан өзге адамдардың барлығы – АҚШ пен Еуропадан келушілер. Дегенмен Қытай экономикасына келген шығын – өте ауқымды. Экономикаға қатты соққы бергені сонша оның қашан қалпына келуі мүмкін екенін болжау да мүмкін емес. Қытайдың өндірістік қуатының қалпына келуі – АҚШ тарапынан сұраныстың туындауын талап етеді. Ақпан айында Қытайдың өнеркәсіп өндірісі 13,5 пайызға, бөлшек сауда айналымы 20,5 пайызға қысқарып сала берген. Бұл ел тарихындағы бұрын-соңды болмаған, ең төменгі көрсеткіш. Қазір бүкіл фабрикалар бар күшімен жұмыс істеуге тырысып жатыр. Соның өзінде жұмыс күші жетісер емес. Қытай экономикасы біртіндеп қалпына келіп жатқанда, Еуропаның ірі экономикасы дағдарыс жағдайында. Қытай қалайда Батыс елдерінен клиент табуға тырысады. Өйткені дамушы елдердің нарығы Қытай тауарын импорттауға аса қауқарлы емес» деп жазады сарапшы. 

Қытай – бәрібір әлемдегі аса қуатты экономикасы бар елдердің бірі һәм бірегейі. Сондықтан мейлінше жылдам қалпына келтіруге тырысатыны белгілі. Қазірдің өзінде Honda, Nissan, Toyota компаниялары жұмыстарын қайта бастаған. Бастапқыда 27 наурызға дейін жабылған Apple филиалдары да қайта жұмысқа кірісіпті. Өткен аптаның өзінде ел экономикасы 80-85 пайызға қалыпқа келген деп хабарлады Bloomberg. Қытай сауда банкінің индексі бойынша, қазір 143 ірі өнеркәсіп нысанының 60 пайызы жұмыс істеп тұр. 

Ал ресейлік сарапшы Александр Латкиннің айтуынша, Қытай өз экономикасын шілде айына дейін қалпына келтіріп үлгереді. 

«Мен ҚХР билігінің халықпен тізе қосып, үлкен жұмыс атқарып жатқанын көріп отырмын. Қатаң шаралардың бәрі елді аман сақтауға арналған. Қазір олар шетелдік студенттерді бөлек ғимаратта ұстап, оларды тегін тамақтандырып жатыр. Қазірдің өзінде ем-дом, карантин, құрылыс жұмыстарына 10 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған. Билік бизнеске көңіл бөлуде. Қазір кез-келген кәсіпорын толық құрамда емес. Кемі 28-30 пайыз жұмысшыларынан айырылған. Яғни, ол жұмысшылар Жаңа жылды тойлау кезінде карантинге тап болып, өз қалаларынан шыға алмай қалғандар. Мемлекет кәсіпорындарға дотация бөліп, салық көлемін азайтып, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін күресуде» дейді эксперт.

Ал белгілі қытайтанушы Нұрсейіт Жаңатевтың айтуынша, Қытайдың осындай ауыр сынақтан аман-есен құтылып шығуы – қазіргі президент Си Цзиньпиннің саясатымен де үндесіп жатыр. Сарапшы бұл уәжін былай тарқатады. 

«Қытай басшылары әртүрлі миссиямен билікке келеді. Цзян Цзэминьге Қытай компартиясы экономиканы көтеруді тапсырған. Ол сол мақсатты өз деңгейінде орындады. Одан кейін билікке келген Ху Цзиньтао елдің ішкі және сыртқы саясатын ортақ үйлесімде ұстауға тиіс болды. Оның тұсында Қытай дипломатиясы әлдеқайда жақсарды. Экономика өрлеп, сыртқы саясат тұрақталған соң, Си Цзиньпин қытайдың ұлы халық екенін әлемге дәлелдеуге кірісті. Сондай мақсатпен билік тізгінін ұстады. Яғни, бұл кісі билік еткен кезеңде – елдің ішкі бірлігі артып, ортақ мақсаттарға бір жұдырықтай жұмыла алатын қасиетті меңгеріп, сіңіруі керек еді. Си Цзиньпин біз 5000 жылдан бері үзілмей келе жатқан жалғыз тарихпыз, жалғыз ірі ұлтпыз деген ұрандарымен халықты рухтандырды. «Бір белдеу – бір жол» ірі экономикалық жобасы да соның дәлелі. Айтпағым, дәл қазіргі ауыр дертпен күрес кезінде осынау үлкен рух, ішкі ынтымақ қатты әсер етті. Вирус шықққан Ухань қаласы – 10 миллионнан астам тұрғыны бар, батыс пен шығысты жалғап жатқан, ірі транспорттық хаб. Қытай саяси жүйесі қанша жерден бір партияға негізделгенімен де, халықтың сана-сезімі осы күрес кезінде қатты рөл атқарды. Ешқандай паникаға берілген жоқ, ешқандай сөзге ерген жоқ, биліктің, дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындады, нәтижесінде коронавирусты ауыздықтай алды. Әйтпесе, 65 миллиондық Хубэй провинциясын толықтай карантинге жауып тастау – Қытайға экономикалық тұрғыда өте ауыр соққы болып тиді. Билік те, халық та соған төзе білді. Бұл жерде Қытай халқының бір идеяға бағына білгендігі ерекше атап өтуге тұрарлық», – дейді сарапшы.

    Сонымен қатар эксперттің айтуынша, қытай бизнесмендері де індетпен күресте үлкен қолдау танытқан. 
    
Алибаба+Джек Ма – 2.12 млрд доллар; 
Тенсюнь – 1.5 млрд;
Байт Данс (Бейжіңдегі алып интернет технология компаниясы) – 391 миллион; 
Мэйтуань – 200 миллион; 
Байду – 300 миллион; 
Ванъи – 100 миллион; 
Додо – 100 миллион; 
Куайшоу – 100 миллион.
        (Деректі Нұрсейіт Жаңатаев mp.weixin.qq.com сайтына сілтеме жасай отыра ұсынды.) 

«Олар тек ақшалай ғана көмектесіп қойған жоқ. Мәселен, логистикалық компаниялар тауар жеткізу саласында есепсіз көмек берді. Тағы бірі шет елдерден маска тауып, соны Уханға жеткізіп, халықты қамтамасыз етіп отырды. Коронавирусты анықтайтын тестті, медициналық құралдарды жеткізді. Алибаба болса, электронды дүкендерін жауып, масканы алып сатып жүргендерді бақылап, іздеп тауып, мүліктерін тәркілеп, үкіметке өткізді. Ондай гиганттар саудасына мойын бұра алмай қалған кәсіпкерлердің тауарын өткізіп, бір-бірін қолдап кетті. Мұның бәрі Қытайдың бір идея аясында жұмыла алатынын көрсетіп берді», – деп түйіндейді эксперт. 

 

 
 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png