Оңтүстік Кореяда ақпаннан бері Covid-19 ауырған бірде-бір адам тіркелмеген

Жарияланды
Бұл елде 5 мамырға дейін жеңілдетілген режим сақталады

Оңтүстік Кореяда ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вирусты сырттан жұқтырған төрт адам туралы хабарлады. Өткен тәулікте бір науқас көз жұмды.

Оңтүстік Кореяда індет басталғалы коронавирусты жұқтырғандар саны 10 765 адамға жетті, 9059 адам сауығып шықты. Ал 247 науқас қайтыс болды.

Оңтүстік Кореяда 5 мамырға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтаудың жеңілдететін режимі әрекет етеді. Саябақтар мен демалыс орындары ашылды, спорт, дін және ойын-сауық мекемелерінің қызметіне рұқсат берілді.

 

Сондай-ақ оқыңыз