Мавритания Covid-19 індетін жеңгенін жариялаған алғашқы ел

Жарияланды
Бұл елде өткен бірнеше тәулікте COVID-19-ды жұқтырған адамдар тіркелмеген

Мавритания жаңа түрдегі коронавирус инфекциясын жеңгені туралы жариялаған алғашқы ел. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, бұл елде өткен бірнеше тәулікте COVID-19-ды жұқтырған азаматтар тіркелмеген, сондай-ақ, бірде-бір өлім-жітім тіркелмеген. Жалпы бұл елде қауіпті вируспен 17 адам ауырып шығып, бір адам көз жұмған. 

 

Мавританияда 13 наурызда коронавирус алғашқы адамнан анықталғаннан кейін вируспен күрестің стандарттық шаралары қабылданды.

 

Атап айтсақ, шекаралар жабылып, барлық жиындарды өткізуге тыйым салынды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Бұған қоса, түнгі коменданттық сағат жарияланып, қалааралық тасымалдарға тыйым салынды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз