Қытайда Covid-19-дан науқастардың 93% айыққан

Олардың 5,59%-ы қайтыс болған

Фото: Shutterstock

Қытайда коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан, - деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

 

Қазіргі уақытта бұл елде сырттан келген және жергілікті жерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын азайып келеді.

 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 82 798-ді құраған, оның 77 207-сі емделіп, ауруханадан шығарылған.

 

Бұл сырқаттанғандардың жалпы санының 93,2%-ын құрайды. Ауруханаларда шамамен 1 мың емделуші қалған.

 

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 93,2%-ы сауығып, 5,59%-ы қайтыс болған.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif