Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін

Бұл туралы неміс ғалымы Франк Эрбгут айтты

Фото: Shutterstock

Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

Неміс ғалымы Франк Эрбгут — Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі COVID-19-дың салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді.

 

Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін.

 

Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

 

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті. Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif