Италияда бір тәулікте COVID-19-дан 2 563 адам емделіп шықты

Осылайша рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: Shutterstock

Италияда бір тәулікте COVID-19-дан 2 563 адам емделіп шығып, рекордтық көрсеткішке жетті. Жалпы саны 42 727 адам ауруынан айыққан. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Төтенше жағдай режимі жөніндегі комиссар Анджело Боррелли қазіргі таңда Италияда 172 434 адамның коронавирусты жұқтырғанын мәлімдеді. Қайтыс болғандар саны - 22 745 адам. 

«Бүгінде 78 364 адам үй карантинінде отыр. 25 786 науқас стационарларда стандартты ем алып жатыр, 2 812 адам қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Ауыр жағдайдағы науқастар саны өткен тәулікпен салыстырғанда 124-ке қысқарды»,- деді А. Боррелли. 

Сонымен қатар, БҰҰ басшысы әлемдік қауымдастықты COVID-19 вакцинасын әзірлеу үшін жаһандық әлемдік коалиция құруға шақырды.

Екпелер баршаға және барлық жерде қолжетімді болуы тиіс екенін айтты Антониу Гутерриш.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif