Испанияда Covid-19 дертіне шалдыққандар саны 200 мыңнан асты

Жарияланды
Індеттен 20 852 адам көз жұмды

Испанияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

 

Испанияның Денсаулық сақтау министрлігінің берген ресми ақпаратына сәйкес, індет таралып бастағаннан бері 20 852 адам көз жұмған. Ал 80 587 науқас емделіп шықты. 

 

Жақында вирусты жұқтырғандар саны тағы 4 266-ға артты.

 

Дегенмен, бүгінде COVID-19-дан бір ай ішінде ең төменгі өлім-жітім көрсеткіші тіркелген – 399.

 

Сондай-ақ оқыңыз