Ангела Меркель Германияда карантин режимін жеңілдетеді

Мейрамхана, қонақ үй, фитнес-клубтар мен кинотеатрлар әзірге ашылмайды

Фото: Shutterstock.com

Германия канцлері Ангела Меркель федералды аймақтар басшыларымен кездесуде коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету керек екенін айтты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

Осы жылдың 20 сәуірінен бастап әлеуметтік қашықтықтың барлық шараларын сақтай отырып, ауданы 800 шаршы метрге дейінгі дүкендер жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, кітап дүкендері, автодилерлер мен велосипед сататын дүкендер жұмысын қайта бастайды. Егер сәуір айының соңына дейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, онда 4 мамырдан бастап шаштараздар мен мектептер ашылады.

Мейрамханалар, қонақ үйлер, фитнес-клубтар мен кинотеатрлар әзірге ашылмайды. Бұқаралық шаралар өткізуге де рұқсат берілмейді.

Германия канцлері бұл елдің толыққанды қалыпты өмірге тек бірнеше апта немесе айлардан кейін ғана қайта орала алатынын баса айтты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif