Вирустан жер шарында 14 мыңнан астам адам қайтыс болды

Жарияланды
Ал дертке шалдыққандар 336 мыңнан асты

Әлемде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 336 мың. Оның ішінде 4 адам COVID-19 жұқтырған, ал 14 мың 641 адам қаза тапты. Дегенмен, бұл індеттен емделіп шыққандар да бар. Олар 98 мыңнан асты,-деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».

Еуропада індет ушығып тұр. Ауру мен өлім көрсеткіші бойынша Италия бірінші орында. Дүйсенбі күні коронавирустан өкпесі қабынып 5,476 қайтыс болған. Бұл көрсеткіш сенбі күнімен салыстырғанда 651-ге артық. Барлығы 59 138 науқас тіркелді.

Испанияда 28,768 (1,772 қайтыс болды), Германияда – 24,873 (95), Францияда – 16,044 (674), АҚШ-та – 33,276 (417), Иранда – 21,638 (1,685).

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 62 адам анықталды. Оның 32-і – Нұр-Сұлтанда, Алматыда -26, Қарағандыда – 2, Алматы облысыда-1, Ақтөбе облысында -1 оқиға тіркелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз