Круиз кемесінде 45 жолаушы коронавирус жұқтырғаны анықталды

Жарияланды
Бортта бас-аяғы 171 адам болған

Асуандағы Ніл өзенінің жағалауында тұрған Luxor Nile кемесінде болған жолаушылардан коронавирус анықталған. Бұл туралы Al Ahram хабарлайды.

 
Лайнердегі 45 жолаушыдан ауру белгілері анықталған, олардың 19 шетелдік азаматтар. Кеме бортында бас-аяғы 171 адам болған. Олардың ішінде 101 шетел азаматы, ал 70-і мысырлықтар екен. 

Египетте алғашқы коронавирус инфекциясы 14 ақпанда анықталған. 
Коронавирусты жұқтырғандардың саны 104 мың адамға дейін артып отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз