Коронавирусты жұқтырғандар саны 108 мыңнан асты

Жарияланды
Албания мен Бангладеште инфекция анықталды

Дүниежүзі бойынша COVID-19 коронавирусын 108,568 мың адам жұқтырған. Бұл жайында South China Morning Post Гонконг газеті жазды. 

Дүйсенбі күні әлемде жаңа коронавирустың таралуы баяулаған. Бір тәуліктің ішінде Албания мен Бангладеште анықталды,- деп мәлімдеді ТАСС ақпараттық агенттігі. 

Сонымен қатар,Қытай елінде 80,735 мың адам ауырса, оның 27,833 мыңы өзге елдерде тіркелген. Жақында 3,5 мыңға дейін көбейді.

Жалпы, әлемде вирустан 3 813 адам қайтыс болды. Оның – 3,119 мыңы Қытайда.

 
Оңтүстік Кореяда науқастар саны 7,332 мыңға (оның 51 қайтыс болды) жетті. Ал, Италияда – 7,375 мың (366), Иранда – 6,566 мың (194), Францияда – 1,126 мыңға (19) жетсе, Жапонияда Йокогама портындағы круиздік лайнердегі экипаж мүшелері мен жолаушыларды қосқанда, жалпы науқастар саны 1,159 мыңды (14) құрап отыр. Германияда – 795, Испанияда – 374 (сегіз), Ұлыбританияда – 273 (үш), Нидерландыда – 265 (үш), Швейцарияда – 228 (бір), АҚШ-та – 213 (19), Бельгияда – 200, Сингапурда – 150, Швецияда – 240, Гонконгта – 114 (үш), Норвегияда – 113, Австрияда – 104 адам ауру жұқтырды.

Австралияда 74 адам дертті жұқтырған, оның үшеуі қайтыс болды. Иракта – 54, Тайландта, Египетте, Сан-Марино, Аргентина, Тайвань және Филиппинде бір адам қайтыс болды. 
Әлемнің 88 елінде 100-ге жуық адамның инфекцияны жұқтырғаны анықталды.  

Ал, дүниежүзі бойынша жалпы 60 мыңнан астам адам емделіп шықты.

Сондай-ақ оқыңыз