Коронавирусты жұқтырғандар саны 108 мыңнан асты
Албания мен Бангладеште инфекция анықталды
Дүниежүзі бойынша COVID-19 коронавирусын 108,568 мың адам жұқтырған. Бұл жайында South China Morning Post Гонконг газеті жазды.
Дүйсенбі күні әлемде жаңа коронавирустың таралуы баяулаған. Бір тәуліктің ішінде Албания мен Бангладеште анықталды,- деп мәлімдеді ТАСС ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар,Қытай елінде 80,735 мың адам ауырса, оның 27,833 мыңы өзге елдерде тіркелген. Жақында 3,5 мыңға дейін көбейді.
Жалпы, әлемде вирустан 3 813 адам қайтыс болды. Оның - 3,119 мыңы Қытайда.
Оңтүстік Кореяда науқастар саны 7,332 мыңға (оның 51 қайтыс болды) жетті. Ал, Италияда - 7,375 мың (366), Иранда - 6,566 мың (194), Францияда - 1,126 мыңға (19) жетсе, Жапонияда Йокогама портындағы круиздік лайнердегі экипаж мүшелері мен жолаушыларды қосқанда, жалпы науқастар саны 1,159 мыңды (14) құрап отыр. Германияда - 795, Испанияда - 374 (сегіз), Ұлыбританияда - 273 (үш), Нидерландыда - 265 (үш), Швейцарияда - 228 (бір), АҚШ-та - 213 (19), Бельгияда - 200, Сингапурда - 150, Швецияда - 240, Гонконгта - 114 (үш), Норвегияда - 113, Австрияда – 104 адам ауру жұқтырды.
Австралияда 74 адам дертті жұқтырған, оның үшеуі қайтыс болды. Иракта - 54, Тайландта, Египетте, Сан-Марино, Аргентина, Тайвань және Филиппинде бір адам қайтыс болды.
Әлемнің 88 елінде 100-ге жуық адамның инфекцияны жұқтырғаны анықталды.
Ал, дүниежүзі бойынша жалпы 60 мыңнан астам адам емделіп шықты.
«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.
Материалы по теме
Читайте в этой рубрике