Коронавирусты жұқтырғандар саны 104 мың адамға дейін артты

Жарияланды
Қытайда бір тәулікте 27 адам қайтыс болды

Қытайда 80 695 адамның вирус жұқтырғаны расталды, деп ҚХР-ның денсаулық сақтау комиссиясы мәлімдеді.

Жалпы бұл дерттен емделіп шыққандар да бар.

Олардың саны бүгінде 57 655 адамға жеткен. Ал, бір күннің ішінде Қытайда жұқпалы індеттен 27 адам көз жұмды. Айта кетейік, бұл вирус 3097 адамның өмірін жалмады. 

Әлем бойынша індетті 104 мыңнан астам адам жұқтырған. Оңтүстік Кореяда 7041, Италияда – 5883, Иранда – 5823, Францияда – 949 адам ауырып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз