Skip to main content

Хубей провинциясында 30-дан астам адам коронавирустан қайтыс болды

Корновирусты жұқтырған адам саны 134-ке жетті

Фото: Shutterstock

Хубэй провинциясында  коронавирусты 134 адам жұқтырғаны  және 31 адамның өлімі туралы хабарланды. 

Провинцияның денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша,  ең көп зардап шеккендердің жалпы саны 67 466-ға жетті.

 Ал, Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрін (COVID-19) жұқтырған 85 адам анықталды.  Сондай-ақ, Италияда коронавирустың таралуын болдырмау үшін барлық мектептер мен университеттер жабылды. Білім беру мекемелері 15 наурызға дейін жабылды .

banner_wsj.gif

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Ұйым індетпен күрес шараларының жеткіліксіздігі мен оның кең таралуына алаңдаулы

Фото:shutterstock.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялады, деп жазады Интерфакс агенттігі.

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

ДДСҰ басшысы ұйым коронавирустқа байланысты әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз коронавирустың осындай қорқынышты қарқынмен таралуына да, сонымен бірге оны ерен қылмай, алаңсыз отырғанға да алаңдаулымыз», – деді ол. 

Гебрейесус «алдағы күндері COVID -19  инфекциясын жұқтырғандардың саны, соның салдарынан қайтыс болғандардың және ауру таралған елдерің саны күрт өседі деп күтіп отырмыз» деп мәлімдеді.

ДДҰ критерийлеріне сәйкес, пандемия – жаңа аурудың әлемдік ауқымда таралуы. Мысалы, тұмау пандемиясы жаңа вирусы пайда болып, ол  бүкіл әлем бойынша таралғанда және адамдардың басым бөлігінің иммунитеті төмен болғанда жарияланады.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif