Skip to main content

Apple коронавирусқа байланысты 5G iPhonе шығарылымын кейінге қалдырды

Жаңа үлгіге сұраныс төмендеген

Фото: Shutterstock/360b

Пандемияның жаңа түріне байланысты американдық Apple компаниясы жаһандық сұранысқа ие болған 5G iPhone  шығарылымын кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл туралы РБК Nikkei Asian Review-ке сілтеме жасап жазады.


Компания ішінде телефон шығару жұмысы бірнеше айға кешігетіні туралы пікірталастар болған. 


«Қазіргі жағдайда тұтынушылар телефондарын жаңарту көрсеткіші төмендеген. Соған орай, Apple жеткізілім деңгейі де азайған. Apple компаниясы үшін бірінші 5G iPhone сұранысқа ие болуы керек екен», - деп жазады ақпарат көздердің бірі.


Apple бір жылдан бері өзінің ең ірі бәсекелестері - Samsung пен Huawei-дің 5G-ге ие смартфонынан артта қалды. 2020 жылдың басында компания 5G iPhone-нын шығаруды мақсат еткен. Сөйтіп, жеткізушілерге 2020 жылға дейін 100 млн дана жаңа құрылғылар жасап шығаруды тапсырған. Оның ішінде телефонның төрт түрлі жаңа нұсқасын шығару да көзделген болатын. 


Қазір Apple корпорациясы коронавирустың таралуын мұқият қадағалап отыр. Оның ең үлкен екі нарығы ол АҚШ пен Еуропада.  

banner_wsj.gif

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Ұйым індетпен күрес шараларының жеткіліксіздігі мен оның кең таралуына алаңдаулы

Фото:shutterstock.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялады, деп жазады Интерфакс агенттігі.

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

ДДСҰ басшысы ұйым коронавирустқа байланысты әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз коронавирустың осындай қорқынышты қарқынмен таралуына да, сонымен бірге оны ерен қылмай, алаңсыз отырғанға да алаңдаулымыз», – деді ол. 

Гебрейесус «алдағы күндері COVID -19  инфекциясын жұқтырғандардың саны, соның салдарынан қайтыс болғандардың және ауру таралған елдерің саны күрт өседі деп күтіп отырмыз» деп мәлімдеді.

ДДҰ критерийлеріне сәйкес, пандемия – жаңа аурудың әлемдік ауқымда таралуы. Мысалы, тұмау пандемиясы жаңа вирусы пайда болып, ол  бүкіл әлем бойынша таралғанда және адамдардың басым бөлігінің иммунитеті төмен болғанда жарияланады.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif