Алматыға коронавирус келген жағдайда не болады?

Жарияланды
Бабақұмаров жоспарымен бөлісті

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирус індеті Алматыға келген жағдайда болатын «Б» жоспарымен бөлісті, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

     «Жергілікті масштабта Төтенше жағдай жарияланады. Халықты ақпараттандыру үшін ахуал орталығы, сайт ашылады. Колл-орталық жұмыс істейді. Олар күніне екі мәрте хабар тарататын болады. 3 санаттағы адамдармен жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін жұмылдыру қолға алынады. Одан бөлек егер қажет болса, үйлерінде карантинге оқшауланады. Адам қайтыс болған жағдайда оны жерлеу мәселесі де ерекше режимде ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қаралып, жұқпалы аурулардан зарарсыздандыру жүйесі орнатылады. Адам көп шоғырланған қоғамдық орындар мұқият тазаланады. ПИК жұмысы қайта үйлестіріледі», – деді ол.

 

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда азық-түлік пен дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізу қолға алынады.

Сондай-ақ оқыңыз