Израильде құс тұмауы өршіп тұр

Жарияланды
Елде мыңдаған тырна қырылды

Израильде құс тұмауы өршіп тұр. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады. 

Елде құс тұмауынан қырылған тырналар саны 5 мыңнан асты. Билік осыған байланысты қорыққа келушілерді кіргізбей жатыр. 

Үкімет Израильде жұмыртқа тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені сақтық шарасы ретінде қазірдің өзінде жүздеген мың тауықтың көзі жойылған. Бұл шара әлі жалғаспақ. Жұмыртқа шетелден де әкелінуі мүмкін. 

Алдын ала ақпарат бойынша тұмау құсқа қорыққа келген балалардан жұғуы мүмкін. 

 

Сондай-ақ оқыңыз