Илон Масктың байлығы тағы да 300 миллиард доллардан асып түсті

Жарияланды
Forbes: Илон Масктың байлығы екінші рет 300 миллиард доллардан асты

Америкалық кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Масктың байлығы екінші рет 300 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды РИА Новости Forbes сілтеме жасап.

Forbes Real-Time миллиардерлерінің нақты уақыт режимінде жаңартылған тізіміне сәйкес, Масктың байлығы күніне 32,6 миллиард долларға өсіп, 304,2 миллиард долларды құрады. Осылайша, ол әлемдік миллиардерлер рейтингінде көшбасшылығын сақтауды жалғастыруда.

2021 жылдың қарашасында Tesla акцияларының бағасы тарихи рекордқа жеткенде, Маск 300 миллиард доллар байлығы бар тарихтағы алғашқы адам болды.

Өткен қазан айында ол 257,6 миллиард доллар байлығымен Forbes тарихындағы ең бай адам атанды. Бұған дейін Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тарихтағы ең үлкен байлыққа ие адам болып саналды – оның байлығы 212 миллиард долларға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз