Пандемия кезінде АҚШ халқының өсімі ел тарихындағы ең төмен көрсеткіш болды

Жарияланды
Жылдағы өсім небәрі 0,1%-ды құрады.

АҚШ халық саны 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында небәрі 0,1%-ға өсті, деп хабарлайды американдық БАҚ АҚШ Санақ бюросының деректеріне сілтеме жасап. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.

Associated Press бұл ел тарихындағы халық санының ең төмен өсу қарқыны екенін атап өтті.

Қарастырылып отырған кезеңде халық саны 393 мың адамға өсті. Бұл ретте туу көрсеткіші 148 мыңды құрап, өлім көрсеткішінен асып түсті. Ал қалған 245 мың адамға өсім мигранттардың арқасында қол жеткізген. Осылайша, АҚШ-та алғаш рет иммиграция халық санының өсуінің негізгі «моторына» айналды.

Қарастырылып отырған кезеңде 33 штаттағы халық саны ішкі көші-қон есебінен өсті. Керісінше, 17 штат пен Колумбия округінде халық саны азайды. Атап айтқанда, Нью-Йорк штатының халқы 1,6 пайызға азайған. Калифорния халқы 0,7%-ға азайды.

Пандемия туу көрсеткішіне әсер етті. Бұл көрсеткіш, тіпті COVID-19-ға дейін, Америка Құрама Штаттарында 2007-2009 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейін бірте-бірте төмендеді, бірақ ол қазіргіден әлдеқайда жоғары болды. Өлім, Bloomberg атап өткендей, COVID-19-ға дейін өсті. Мұның бір себебі есірткі болды.

Сондай-ақ оқыңыз