Тәжікстанға жыл басынан бері 82,5 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек келген

Жарияланды
Гуманитарлық көмектің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық өсті

Қаңтар-қазан айларында Тәжікстанға алыс және жақын шетелдердің 58 донор-елінен 82 миллион 550 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Орталық Азия республикасының кеден қызметіне сілтеме жасап Avesta.Tj хабарлағандай, қаңтар-қазан айларында Тәжікстанға гуманитарлық көмектің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық өсті.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Тәжікстан 41 миллион 700 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек алды.

2021 жылдың 10 айында республикаға барлығы 24,8 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек келген.

Көрсетілген мерзімде гуманитарлық көмек ретінде Тәжікстанға ұн, өсімдік майы, дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері және т.б. келді.

Тәжікстанның негізгі үш донорының қатарына Қытай – 31,6 пайыз, АҚШ – 14,5 пайыз және Ресей – 10,8 пайыз кірді.

Өткен жылдың 10 айында республикаға 18,7 мың тонна гуманитарлық көмек келген.

Сондай-ақ оқыңыз