1 view

Нью-Делиде коронавирустық инфекциялардың төмендегені байқалды

Нидерланды әдеттегі өмірге кезең-кезеңімен оралуда

Фото:shutterstock

Австрия канцлері Себастьян Курц Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын салдырды. Курц ел тұрғындарын  қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік беру үшін ерікті түрде вакцинациялауға шақырды.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ресейде вакциналық туризм дами бастады. Санкт-Петербург вакцинация үшін Ресейге баруға дайын шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын. Бұл туралы қалалық туризмді дамыту комитетінің басшысы Сергей Корнеев мәлімдеді. Үйлестіру орталығының функциясы Санкт-Петербург медициналық туризм агенттігіне жүктелмек. 
Apple компаниясында карантиндік тәртіпсіздік орын алуда. Apple қызметкерлері кеңседе аптасына кемінде үш күн жұмыс істеу міндетіне қарсы шығуда. Технологиялық корпорацияның көптеген қызметкерлеріне кеңсеге дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері келу ұсынылған болатын. Ашық хатта қызметкерлер "қашықтан жұмыс жасау" режимінен оралу кейбіреулерді жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүр еткенін айтты. Сондай-ақ, қашықтан жұмыс жасау компанияның табысты дамуына еш әсер етпейтіндігін де атап көрсеткен.

Австрия канцлері Себастьян Курц Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын салдырды. Курц ел тұрғындарын  қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік беру үшін ерікті түрде вакцинациялауға шақырды.

 Нидерланды әдеттегі өмірге кезең-кезеңімен оралуда.  Елде кинотеатрлар, мұражайлар, театрлар, сондай-ақ мейрамханалардың ішкі залдары ашылды. Мәдениет ұйымдарының жұмысын қайта бастау және гастрономиялық мекемелерге белгіленген шектеулерді алып тастау пандемия кезінде қабылданған шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету болып табылады. 

Нью-Делиде коронавирустық инфекциялардың төмендегені байқалады, сондықтан Үндістан астанасы карантинді жеңілдетуді қарастыруда. 7 маусымнан бастап метро жұмысын қайта бастайды, бірақ вагондарды толтыру 50%-тен аспауы тиіс. Келушілер санын шектей отырып, базарлар мен сауда орталықтары ашылады. Үкімет бұл шешімді экономиканы қалпына келтіру қажеттілігімен түсіндіреді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер