Мәскеуде эпидемиологиялық жағдай нашарлады

Жарияланды
Орталық Ресей короновирус инфекциясының үшінші толқынын өткеруде

Орталық Ресей короновирус инфекциясының үшінші толқынын өткеруде. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ел астанасы мен Мәскеу облысында сауда, сән салондар, СПА, монша, фитнес-клубтар, бассейн, қоғамдық тамақтану, қаржы мекемелері, пошта, МҚО, қоғамдық көліктер (соның ішінде такси қызметі), білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика салалары қызеткерлерін міндетті вакцинациядан өткізу туралы шешім қабылданды.

Мәскеу мэрі С.Собянин Ресей астанасындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанның хабарлады. Оның мәліметтеріне қарағанда, қаладағы вирустың таралу көрсеткіші өткен жылғы ең жоғары мәндер деңгейіне жеткен. Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам адам ауруханада жатыр. Тек өткен тәуліктің өзінде індеттен 70 науқас көз жұмған. Ресейде соңғы 24 сағат ішінде COVID-19-дың 13,3 мың жаңа дерегі тіркелген.
 

Сондай-ақ оқыңыз