Әлемде індетті жұқтырғандар саны 180 миллионнан асты

Жарияланды
COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелді

Әлемде індетті  жұқтырғандар саны 180 миллионнан асты.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometers веб-сайтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырған жағдайлардың саны 180 008 841-ге жетті.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген – 34 434 803.

Жұқпалы ауруы ең көп елдер ондығына Үндістан (30 028 709), Бразилия (18 056 639), Франция (5 760 000), Түркия (5 381 736), Ресей (5 368 513), Ұлыбритания (4 651 988), Аргентина (4 298 782), Италия ( 4.254.294), Колумбия (3.997.021).

Жалпы, COVID-19 салдарынан әлемде 3 899 961 адам қайтыс болды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз