Қырғызстан азаматтары өз заттарын тамаққа айырбастап жатыр

Жарияланды
Елдегі азық-түлік тауарларының бағасы екі есеге қымбаттаған

Қырғызстанда Lalafo заттарын сату-сатып алу интернет-ресурсында күн сайын киім, аяқ киім және басқа заттарды тағамға айырбастау туралы ондаған жарнама беріліп жатыр. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Мобильді қосымшаны талдаудан кейін көптеген қырғызстандықтар аяқ киімді, киімді  және басқа да тұрмыстық заттарды тағамға айырбастауға дайын екендігі белгілі болды. Осыған ұқсас хабарландырулар өте көп. Ұсыныстарда көп азаматтар тауарларды қант пен майға ауыстыруға дайын.

Соңғы жарты жылда ғана елдегі азық-түлік тауарларының бағасы екі есеге қымбаттаған.

 

Сондай-ақ оқыңыз