Испания туристер үшін өз шекараларын ашты

Жарияланды
Тек вакцина алғандарға

Испания әлемнің түкпір-түкпірінен вакцинацияланғандар үшін өз шекараларын ашады.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне шыққан еліне қарамастан елде жүруіне рұқсат етіледі, деп мәлімдеді Мадридтегі үкіметте. Шетелдік круиздік кемелер де испан порттарында жүре алады.

Испанияның туризм индустриясы бірнеше айға созылған локдаундардан кейін жазғы бизнеске үміт артады.  Үкіметтің болжауынша, биыл елге 45 миллион шетелдік турист келмек.

Израильде 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау науқаны басталды. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топтарға жататын немесе осы топтағы адамдармен бірге тұратын жасөспірімдерді вакцинациялауға рұқсат берген болатын. Сонымен қатар, жастарға шетелге шығар алдында екпе салдыру  ұсынылған-ды.

  Ұлыбритания коронавирустың «үнділік» нұсқасының таралуына байланысты 21 маусымға алдын-ала белгіленген шектеу шараларын жеңілдетуді кейінге қалдыруы мүмкін. «Шектеулерді толығымен жою туралы түпкілікті шешім қабылдауға әлі ерте», – деді Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок Sky News телеарнасына берген сұқбатында. Алдағы аптада Ханкок пен Премьер-министр Борис Джонсон «Үнді» мутациясы туралы мәліметтерді зерттейді. Вирустың аталмыш нұсқасының жұғуы соңғы мәліметтер бойынша коронавирустың бастапқы нұсқасына  қарағанда 40% жоғары.

Мароккода жолаушыларды халықаралық әуе рейстерімен, порттармен тасымалдау қайта жанданады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінде мәлімдеді. 15 маусымнан бастап екпе салдырған немесе теріс ПТР-тест нәтижелері бар жолаушыларға кіруге рұқсат етіледі. Сонымен бірге, СІМ-нің хабарлауынша, індетті жұқтыру оқиғалары көптеп тіркелген елдердің азаматтарына теріс ПТР тест нәтижелерінен бөлек, мемлекетке кіруге арнайы рұқсаттама құжатын ұсыну шарт.
 

Сондай-ақ оқыңыз