Дамушы елдердің көпшілігінің валюталары апта ішінде нығая түсті

Жарияланды
Түрік лирасы 1,7%-ға әлсіреді

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, бағамы бір аптада 0,2%-ға (428,86-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,90 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылдың 21–28 мамыр күндері кезеңінде дамушы елдер валюталарының серпіні айтарлықтай позитивті болды. АҚШ-тың Қаржы министрі Д.Йеллен мәлім еткендей, қалыпты деңгейінен асып кеткен инфляция жылдың соңына дейін сақталуы мүмкін, яғни, ресми тұлғалар бұған дейін хабарлаған уақыттан асады. АҚШ-тың іскерлік белсенділік жөніндегі индексі мамыр айында рекордты 68,1 деңгейіне жетті (2009 жылдан бергі максималды көрсеткіш). Англия Банкінің өкілі, егер еңбек нарығы баяу қалпына келетін жағдай болса, келесі жылдың басында негізгі ставкалар мерзімінен бұрын ұлғаюы мүмкін екенін мәлім етті.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Бразилия реалы жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті деген ақпаратқа қарамастан (2021 жылдың 1-тоқсанында 14,7%) қазіргі капитал ағымы аясында 2,6%-ға нығайды (5,37-ден 5,23-ке дейін);

Оңтүстік Африка ранды қарыз нарығына шетелден келіп жатқан портфельді инвестицияның ағымы аясында 1,4%-ға нығайды (13,96-дан 13,76-ға дейін);

Ресей рублі мұнай бағасының қалпына келуінің арқасында 0,65%-ға нығайды (73,64-тен 73,2-ге дейін);

үнді рупиясы жергілікті қор нарығының жағымды серпілісі аясында және АҚШ долларының курсы әлем бойынша әлсіреп жатқанда 0,5%-ға нығайды (72,84-тен 72,44-ке дейін);

Индонезия рупиясы жаһандық «тәуекел тәбетінің» жақсаруы аясында 0,5%-ға нығайды (14 355-тен 14 285-ке дейін). ОБ базалық ставканы бұрынғы деңгейінде қалдырды (3,5%);

Мексика песосы 0,1%-ға нығайды (19,95-тен 19,94-ке дейін). Президенттің ОБ-тің қазіргі Төрағасының мерзімін ұзартпауға және ОБ-қа жаңа басшы ұсынуға ниетті екені туралы хабарлама Мексика песосының нығаюын ұстап тұрған еді;

түрік лирасы инфляция қарқыны жылдам өсіп жатқан кезде жүріп жатқан ақша-кредит саясатының жұмсақ болуына байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 1,7%-ға әлсіреді (8,42-ден 8,56-ға дейін). Бұрын ОБ негізгі ставканы 19% деңгейінде сақтап қалған еді.
 

Сондай-ақ оқыңыз