Ұлыбритания біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады

Жарияланды
Ирландия азаматтары ұзақ мерзімдік оқшауланудан кейін жұмыс орындарына оралады

 Ұлыбритания біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады. Мұнда 17 мамырдан бастап пабтар, барлар мен мейрамханалар клиенттерге тек террассаларда ғана емес, сонымен қатар үй-жайлардың ішінде де келушілерді қабылдай алады. Ашық ауада 30 адамға дейін топтық жиналуға рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ирландияда биліктің жоспары бойынша Республиканың мыңдаған азаматтары ұзақ мерзімдік оқшауланудан кейін жұмыс орындарына оралады. Дүкендер, мәдени мекемелер, мұражайлар кезең-кезеңімен ашылады. Билік бұл жеңілдіктер халыққа жаңа серпін береді деп үміттенеді.⠀

 Италияның барлық өңірі жұқтыру қаупі төмен «сары» аймақта орналасқан. Елдің бірқатар өңірлерінде шектеулер жеңілдетілді. Ал Сицилия, Сардиния және Валле-д ‘ Аоста тұрғындары үшін қатаң карантин режимі әлі бір аптадай сақталады.

  Даниялықтар коронавирусты тестілеу пункттерінде жаппай тексерілуде. Билік таңдаған стратегияға сәйкес бұл процесс карантин талаптарын жеңілдетумен қатар жүргізіледі.  Теріс нәтижелі ПТР тестілеу және екпе алғандығы туралы сертификаттың болуы жергілікті мейрамханаларға, спорт залдарға, кионтеатрлар мен жұмысына рұқсат етілген өзге де  мекемелерге еш кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз