Әлемде коронавирустың салдарынан қайтыс болғандар саны 3,3 миллионнан асты

Жарияланды
Қауіпті вирустың салдарынан ең көп өлім АҚШ-та тіркелді - 595 812

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) жаңа түріне байланысты өлім саны әлемде 3,3 миллион адамнан асты.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometers веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, әлемде COVID-19 салдарынан барлығы 3 306 723 адам қайтыс болды.

Қауіпті вирустың салдарынан қайтыс болғандардың ең көп саны АҚШ-та тіркелді – 595 812, одан кейін Бразилия – 422 418, Үндістан – 218 985, Мексика – 218 985, Ұлыбритания – 127 605, Италия – 122 833, Ресей – 113 326, Франция – 106 392, Германия 85 321 және Испания 78 792.
 

Сондай-ақ оқыңыз