Исландияда жанартау сатылып жатыр

Жарияланды
Жанартау көп жылдар белсенді күйінде қалады

Исландияда наурызда оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін жанартауымен бірге сатуға шығарды. Бұл туралы Bloomberg.com хабарлады.

Жер телімі құқығының бір бөлігі тиесілі Анна Тордис Гудмундсдоттирдің айтуынша, екі адам жанартауды сатып алуға ниет білдірген.

«Мен мұның тиімді бағамен сатылатынын білемін және бізге кем дегенде екі ұсыныс түсті. Оның бір Храун деген атпен белгілі ферманы иеленген 19 мұрагердің бірі», – деді серіктес иесі Анна Тордис Гудмундсдоттир.

Мамандар вулкан көп жылдар белсенді күйінде қалуы мүмкін деп болжап отыр. Жанартау атқылай бастағалы бері жер иелері жаңа туристік орынға адамдардың еркін жетуін қамтамасыз ету үшін жергілікті билікпен бірге жұмыс істеген. 

 

Сондай-ақ оқыңыз